ASTANA ECONOMIC FORUM
bg
Жаңалықтар
19.05.2018

Дөңгелек үстел форматында сессия жұмысы барысында Қазақстан Республикасы дамуының алты бағыты бойынша ми шабуылдары өтті.

Жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылар, бизнес және билік органдарының өкілдері өтпелі жобаларды іске асыру мәселелерін және келесі басымдықтар бойынша шешімдерді талқылады: институттар және экономикалық саясат, адами капитал дамуы, цифрлау және ақпараттық технологиялар, жаңа ақшалар және қаржылық сектор, таза энергия және жасыл технологиялар, қалалар дамуы.
Global Challenges Summit Форумының үшкүндік мазмұнды зияткерлік марафонының қорытындыларын келтіре отырып Қазақстанның Премьер-Министрі АЭФ Стратегиялық сессиясы болған пікірталастардан барлық ұсынымдар мен ұсыныстарды, қорытындыларды шоғырландырып ел Үкіметі үшін, мемлекеттік органдар практикалық жұмысы үшін тиімділерін таңдап алады.
Б. Сағынтаев АЭФ барысында Мемлекет Басшысының белгілеген 5 мегатрендтеріне назар аударды: жаппай цифрландыру, энергетикалық төңкеріс, планета халқы санының өсуі, урбандалу қарқыны мен сипатының өзгеруі, жаһанды еңбек нарығын түрлендіру. Сонымен бірге Премьер-Министр мегатрендтерге жауаптарды бірлесіп іздеу маңыздығын атап өтті.
«Институттар және экономикалық саясат» ми шабуылының бірінші бағыты бойынша сессияға қатысушылар Қазақстан үшін технологиялық жаңғырту және жаңа нарықтар, жаһандық турбуленттілік жағдайларындағы макроэкономикалық тұрақтылық, жаһандық экономикалық қатерлерге байланысты құрылымдық реформалар, теңсіздікті төмендету және инвестицияларды ынталандыру мәселелері талқылады.
Модераторы болып «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов сөз сөйледі. Сарапшылар арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, АДБ-нің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Джованни Капанелли, Дүниежүзілік банктің даму экономикасы жөніндегі аға директоры Шантаянан Девараджан, БҰҰДБ Еуропа мен ТМД бойынша аймақтық бюросының аға кеңесшісі (РБEC) Бен Слей, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу және басқалар болды.
Адам капиталын дамытудың екінші бағыты бойынша, ХХІ ғасырда Қазақстанда білім берудің қандай түрі болуы керек, веб-2.0, толықтырылған шындық, оқыту үдерісіндегі интернет нәрселер сияқты жаңа технологияларды енгізу туралы мәселелер талқылауға шығарылды. Шығармашылық индустрияны дамыту және шығармашылық қызметті ынталандыру туралы сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ елге адами капиталды тартуға арналған құралдар қарастырылады.
«МедМе» венчурлық қорының серіктесі Илья Слуцкий осы бағытта модератор болды. Сарапшылар арасында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әбілқасымова Мадина, Lifespan.io крауфандинг платформасы және өмірді ұзартуға жәрдем ету қорының директорлар кеңесінің мүшесі Елена Милова, «Сколково» Мәскеудегі басқару мектебінің профессоры, Стратегиялық бастамалар жөніндегі агенттіктің Сараптамалық кеңесінің мүшесі Павел Лукша және басқалар байқалды.
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар бағытында цифрлық мемлекеттік басқарудың тәжірибесі мен проблемалары, жалпыға бірдей цифрландыру кезеңіндегі мемлекеттік басқарудың табысты тәжірибесі мен негізгі стратегияларына негізделген Қазақстанның басымдықтарын айқындау мәселелері талқыланды. Компаниялар мен бизнестерді цифрландыру, АТ-жобаларының өз кластерін дамыту және озық технологияларды Қазақстанға көшіруді ынталандыру үшін шешімдер ұсынылады.
Бағыт модераторы GVA Kazakhstan серіктесі Филипп Серажетдинов болды. Өз пікірімен сонымен қатар ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Даурен Абаев, Лондон Патшалық колледжінің ғылыми қызметкері, дағдарысты ахуалда әлеуметтік медиа рөлін зерттеуші Григорий Асмолов, РФ ОБ төрағасының бұрынғы орынбасары Михаил Сенаторов, РФ және Еуразия Канадалық іскерлік қауымдастығының төрағасы Жиль Бретон, «BCG Казахстан» серіктесі және басқарушы директоры Сергей Перапечка және басқалар бөлісті.
Жаңа ақша мен қаржы секторы бағыты бойынша сарапшылардың назары алдыңғы қатарлы реттеушілердің, бәсекеге қабілетті қаржы орталығын қалай құру туралы мәселелеріне бөлінді. Жаңа ақшалай технологияларды ендіру тақырыптары, Қазақстанда блокчейнде қандай нақты жобаларды жүзеге асыру туралы және келешек ақшаны пайдалану технологиясын пайдаланудан неғұрлым көп пайда алу мүмкіндігі туралы тақырыптары қаралды.

Мұнда Tomashevskaya & Partners басқарушы серіктесі Жанна Томашевская модератор болды. Ұсыныстары және ұсынымдарымен ҚР Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов, Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков, Earthport компаниясының атқарушы директоры - трансшекаралық төлемдер жүйесі Харольд Бозе, FinTechStage негізін қалаушы Mateo Rizzi және басқалар бөлісті.
«Таза энергия және жасыл технологиялар» сессия бағдарламасының өзекті бесінші бағытын талқылау барысында қанық және конструкциялық пікір алмасу орын алды.
Форум қатысушылары атап өткендей, болашақта барлық мүмкін технолгоиялардың қарқынды даму дәуірінде табиғи байлық сақтау және балама энергия көздерін пайдалану мәтінінде экономика салаларын жаңғыртуды өткізу маңызды.
Қазақстанда «жасыл экономиканың» өсуі үшін қандай институционалдық, қаржылық және технологиялық кедергілер бары, энерготиімді шешімдер мен инновацияларға инвестициялауға бизнесті қалай ынталандыру туралы сұрақтар бой көтерді. Сонымен қатар Қазақстанның отын-энергетикалық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ қайта өңдеу тереңдігін арттыру, инвестицияларды, ОЭК цифрландыру жолдары қарастырылды.
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, жасыл экономика, оны іске асыру үшін кедергілер мен ынталандыру мәселелері сарапшылар - энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Қашқар ғылыми орталығының директоры, Жерді қашықтан зондтау және цифрлау институты Қытай академиясының Фу Бихон, Beijing Piesat Information Technology вице-президенті Гуо Тао және басқалар сөздерінде көрініс тапқан. Спутник БК жобалар жетекшісі Вадим Долганов модератор болды.
«Қалалар дамуы» сессия жұмысының алтыншы бағыты бойынша сарапшылары 2050 жылы қалалар қандай болатынын, XXI ғасырда табысты мегаполистер және тікелей Қазақстанда заманауи мегоаполис қандай болуы тиістігін болжауға ұмтылды.
Қазақстан мегаполистері үшін мегажобалар, олардың көлік жүйесін, экологияны және өмір сүру сапасын жақсарту және қалалық ортаны дамыту мәселелерін сарапшылар талқылады: ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, құрылтайшы, бұрынғы бағдарлама директоры және World Future Council құрметті мүшесі Херберт Жирардэ, Atomik Architecture негізін қалаушы және директоры Майк Оудс және басқалар. GVA Kazakhstan басқарушы серіктесі Болат Столяров модератор болды.
Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтарының модераторлары ми шабуылдау нәтижелерінің тұсаукесерлерін таныстырды. Сарапшылардың ұсыныстар пакеті «Қазақстан Республикасының даму жобалары мен қажетті шешімдерінің тобы» ретінде белгіленді. Барлық сараптамалық ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстанның ұлттық күн тәртібіне негізделеді. Өткізілген ми шабуылдары Қазақстанның одан әрі өсуіне пайдалы болатын тәсілдер мен ұсыныстарды табуға мүмкіндік береді және жаһандық қауіп-қатерлерге жауап іздеу ретінде әлемдік қауымдастықпен қабылданады.

ПОДЕЛИТЬСЯ:
ЖАЗЫЛУДЫ РЕСІМДЕУ
Мұнда сіз жаңалықтар таратуына жазылуыңызға болады, бұл үшін сізге электронды мекен-жайыңызды қалдыру қажет.
           Қате пайда болды, кейінірек қайталап көріңіз.         
        
           Сізге растау хаты жіберілді.