17.05.2018
«Самұрық-Қазына» — Global Challenges Summit АЭФ-2018 жиынының бас демеушісі
Global Challenges Summit Астана экономикалық форумына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілдері де қатысады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ трансформациялау, жекешелендіру және қайта құрылымдау жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов «Мемлекеттік сектордың оңтайлы шегі. Экономикалық мемлекеттің үлесін қалай азайтуға болады?» тақырыбындағы панельдік пікірталас аясында мемлекеттік активтерді жекешелендірудің тетіктері мен қағидаттары және Қордың жекешелендіру бағдарламасының ағымдағы мәртебесі туралы баяндайды.